Drone Delivery Тапсырыс беру
Қазақстандағы алғашқы дронмен жеткізу

Алматыда дронмен азық-түлік жеткізу — 30-60 минутта жеткіземіз

Freedom SuperApp-та себетті жинаңыз — дрон балғын азық-түлікті тікелей үйіңізге ұқыптап жеткізеді.

Оңай және жылдам

Жеткізуді қалай алуға болады

1-қадам

Себетті жинаңыз

Freedom SuperApp қосымшасында азық-түлік таңдап, мекенжайды көрсетіңіз.

2-қадам

Біз тапсырысты жинаймыз

Барлығын дронға арналған арнайы қорапқа ораймыз.

3-қадам

Дрон ұшып шығады

Бағыт қауіпсіз траектория бойынша автоматты түрде құрылады.

4-қадам

Нүктеге келу

Дрон беру нүктесінің үстінде қауіпсіз биіктікте тұрады.

5-қадам

Жайлап түсіру

Тапсырысыңыз салынған қорап қону нүктесіне түседі.

6-қадам

Дайын!

Тапсырысты алып, қосымшада алынғанын растаңыз.

Қауіпсіздік техникасы

Тапсырысты қабылдаудың 5 ережесі

Толық нұсқаулық

Дрон жерге қонбайды

Тапсырыс сізге лебедка арқылы түсіріледі

Дронның астында тұрмаңыз

Жеткізу кезінде шетте тұрыңыз

Лебедкаға қол тигізбеңіз

Контейнер өзі түсіп болғанша күтіңіз

Дрон ұшып кеткен соң алыңыз

Дрон ұшып кеткенде тапсырысқа жақындаңыз

Ауа-райы шешеді

Ауа-райы нашар болса, жеткізу тоқтатылуы мүмкін

Кешбэк болсын!

Әр азық-түлік тапсырысы үшін Freedom балдарымен 25%-ға дейін қайтарамыз

Кешбэк туралы толығырақ

БІЗ ҰШЫП ЖҮРМІЗ

Жеткізуді сынап көріңіз
бүгін-ақ

Дрондар Алматыда тапсырыстарды жеткізіп жатыр — себетті жинаңыз, және тапсырысыңыз 30–60 минутта жетеді

Freedom SuperApp-та тапсырыс беру

Сұрақтарыңыз бар ма?

Жиі қойылатын сұрақтар

Дронмен жеткізу қанша тұрады?
Құны тапсырыс рәсімделетін қызметтің тарифтік саясатына байланысты. Мысалы, «Arbuz Group» ЖШС-та 5 000 ₸-ден бастап тапсырыс берсеңіз, жеткізу тегін. Тапсырыс сомасы аз болса, жеткізу құны 900 ₸-ге дейін болуы мүмкін.
Дронмен жеткізу қалай жұмыс істейді?
Тапсырыс рәсімделгеннен кейін дрон ең жақын жөнелту пунктінен автоматты түрде ұшып шығады және тапсырысты сіз көрсеткен нақты нүктеге — аула немесе басқа ашық жерге — жеткізеді.
Тапсырыстың ең жоғары салмағы қандай?
Дронның бір рейсіне 10 кг-ға дейін.
Ауа-райы бұзылса не болады?
Ауа-райы қолайсыз болған жағдайда ұшу қауіпсіз жағдайлар туындағанға дейін кейінге қалдырылады.
Балалар мен жануарлар үшін бұл қауіпсіз бе?
Иә, нұсқаулық сақталса. Балалар мен жануарлар үй-жайда немесе кемінде 15 метр қашықтықта болуы керек. Жүк түсірілу кезінде дронға жақындамаңыз.
Ұшуға рұқсат бар ма?
Иә. Барлық жүк дрондары Авиациялық әкімшіліктің ережелеріне сәйкес есепке алынған. Операторлық компания — «Robonexus» (Робонексус) ЖШС — авиациялық жұмыстарға қажетті барлық рұқсаттар мен келісімдерге ие.
Тапсырыс жетпей қалса, не істеу керек?
Қолдау қызметіне хабарласыңыз — біз мәселені шешіп, қаражатты қайтарамыз.